Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Мектеп алдағы уақытта басты бағдар етіп оқыту мен оқу үдерісіне осы талаптарды орындау мақсатында нақты міндеттер алады
Данышпан Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Бірінші-ата-анадан, екінші-ұстаздан, үшінші-құрбысынан»-деген екен. Олай болса, бүгінгі адамзат баласын толғандыратын өзекті проблема-жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, яғни олар отаншыл, еңбекқор, ізетті, әдепті, жаны таза, ұлттық таным, ұлттық тарихын, бабалардан аманат болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді құрметтеуге, отаншылдыққа тәрбиелеуге, өз халқының ешбір елден кем емес екендігін сезінуге бағыттап, ұлттық үлгідегі-әлемдік деңгейде білім беру мұратын ұстану.
1995-1999 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті – Асандулла Тұрмаханов басқарды.
1999-2003 жылдары Жамбыл атындағы орта мектепті – Тұрысбек Шылмамбет басқарды.
2003-2009 жылдары Жамбыл атындағы орта мектеп болса, 2009 жылдан бастап Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп болып өзгерді.
2003-2010 жылдар аралығында Әлімбекова Гүлсара Сейітханқызы басқарды.
2010 жылдан бастап мектепті Жұмашов Нұрғали Сәбденбекұлы басқарып келеді. Мектеп 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
2018 жылы жаңа мектептің ғимаратының құрылысы басталып, 2019 жылдың 25 мамырында пайдалануға берілді. Мектеп 2019 жылдан бастап Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» КММ-і болып аталады.
2021 жылдан 25 ақпанынан бастап мектебіміз Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталады.
2023 жылы 28 тамызда Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.