Тегі, аты, әкесінің аты: Байдабекова Гүлжанар Берікқызы
Лауазымы: Түркістан облысы, Созақ ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Туған күні, айы, жылы: 02.01.1976 жыл
Білімі: Жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 31 жыл
Басшылық санаты: –
Санаты: Педагог – зерттеуші
Байдабекова Гүлжанар Берікқызы педагогика саласында қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін ұстаздық жолын 1999 жылы Шымкент қаласындағы М.Тасова атындағы мектеп-интернатында бастады. 2001 жылы ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте қызмет атқарып келеді. Жас ұрпаққа білім берудегі біліктілігі мен шеберлігі,қабілеті ескеріліп, 2014-2020 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары лауазымдық қызметін жоғары деңгейде атқарды.Табылдиева Гүлжанар Байдабекова – білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын көшбасшы, мектеп алдында тұрған мәселелерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын таба алатын шығармашылық тұлға.Ұйымдастыру және басқару қабілетінің арқасында үлкен жауапкершілікке сүйене отырып, ұжымда қатаң тәртіппен дұрыс шешім қабылдай білетін қасиетінің арқасында мектептің аудан, облыс бойынша үлгілі мектептердің қатарына қосылуына көп үлес қосып келеді.