Тегі, аты, әкесінің аты: Жұмашов Нұрғали Сәбденбекұлы
Туған күні, айы, жылы: 09.01.1962 жыл
Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Білімі: Жоғары, Әл-Фараби атындағы Шымкент Педагогикалық Мәдениет институты. Шымкент қаласы, 1980 жыл.
М.Әуезоав атындағы университет. 2000жыл
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 38 жыл
Басшылық санаты: -жоқ
Санаты: Педагог – зерттеуші
Жұмашов Нұрғали Сәбденбекұлы 1962 жылы 9 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1979 жылы Калинин атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған.
1980 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Шымкент Педагогикалық Мәдениет институтына оқуға түсіп, 1984 жылы педагог ағартушы мамандығын бітірген. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң, Совет армиясы қатарында бір жарым жыл әскери борышын өтеген.
1985 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық мәдениет бөлімінде ұйымдастырушы болып қызмет атқарған. 1986 жылдан бастап, Қарабұлақ бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.
2000 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университетін бастауыш сынып оқыту әдістемесі мамандығы бойынша сырттай бітірген.
1992-2010 жылдар аралығында Қарабұлақ бастауыш мектебінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2010 жылдан бастап Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді.