Әметжанов Ілес Шәмшәтұлы

Тегі, аты, әкесінің аты: Әметжанов Ілес Шәмшәтұлы
Лауазымы: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Балдысу ауылы «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары.
Туған күні, айы, жылы: 22.12.1978 жыл
Білімі: Жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті 2005 жыл
Мамандығы: География пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 19,5 жыл
Басшылық санаты: – ІІ санат
Санаты: Педагог – зерттеуші
Ілес Шәмшәтұлы өзінің педагогикалық және лауазымдық міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әдепті. Қызметтік этика талаптарын қатаң сақтайды. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда нормативтік құжаттамаларды жетік білетінін және білім беру жүйесін басқарудың теориялық және әдістемелік тәсілдерін терең меңгергенін көрсетіп жүр.
Ілес Шәмшәтұлы, өзінің іздемпаздығымен, жаңашылдығымен, мектеп ұжымын білім саласындағы болып жатқан оңды өзгерістерге тез бейімделуіне ықпал етіп, көшбасшылық қабілеттерін танытып жүреді. Білімі мен біліктілік қабілеттерін үнемі жетілдіріп отырады. Облыстық, республикалық білім жетілдіру орталықтарының білім беру басшыларына арналған курстардан жүйелі түрде өтіп отырады. Әртүрлі семинарлар мен конференцияларға, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңдарына белсенді қатысушы. Өзінің басты ұстанымдарының бірі – “Өмір бойы білім алу” деп санайды.

Соңғы жаңалықтар